Жамбыл облысында 6 бала мінген екі көлік бір-бірімен соқтығысып қалды

Автор: Асыл Арман

ТЖМ құтқарушылары жол-көлік оқиғасы кезінде зардап шеккендерге көмек көрсетті

Фото: istockphoto.com

Жамбыл облысы Жуалы ауданында, Алматы-Ташкент автожолының 570-шақырымында екі жеңіл автокөлік бір-бірімен соқтығысып қалды, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.

Екі автокөліктің ішінде 10 адам болған, олардың алтауы – балалар. Оқиға орнына Жуалы ауданының құтқарушылары жедел түрде жетті.

Құтқарушылар зардап шеккендерді автокөліктерден шығарып, жедел жәрдем келгенге дейін шұғыл және психологиялық көмек көрсетті.

«Екі зардап шеккен адамды медициналық қызметкерлер аудандық ауруханаға жеткізді, ал қалғандарын құтқарушылар емдеу мекемесіне жеткізді», – делінген ТЖМ хабарламасында.