ШҚО-да өрт сөндіруші 80-ге келген қарияны құтқарғаны үшін медальмен марапатталды

Автор: Асыл Арман

ШҚО ТЖД өрт сөндіруші «Ерлігі үшін» медалімен марапатталды

Фото: ТЖМ

ШҚО-да №6 өрт сөндіру бөлімінің командирі азаматтық қорғау старшинасы Ринат Жылқышинов алапат өрт кезінде 80-ге келген қарияны құтқарғаны үшін медальмен марапатталды, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.

ТЖМ мәліметінше, өрт сөндіруші адамды құтқару кезінде көрсеткен батылдығы, ерлігі, жанқиярлығы үшін марапатталды.

Батырға награданы Шығыс Қазақстан облысының әкімі Нұрымбет Сақтағанов табыс етті.

«11 маусым 2025 жылы Өскемен қаласында бес қабатты тұрғын үйде өрт шықты. Оқиға орнына келген Ринат Жылқышинов газ-түтіннен қорғау қызметі буынының құрамында барлау жұмыстарын жүргізіп, 1946 жылы туған пәтер иесін қалың түтінге толы тұрғын үйден құтқарды. Зардап шегушіге құтқару капюшонын кигізіп, оны қауіпсіз жерге шығарды», – делінген ТЖМ хабарламасында.