Апта сайынғы ток-шоу тікелей эфирде өтеді
«Астана» телеарнасында «Шешім» атты жаңа қоғамдық-саяси ток-шоу басталды, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.
Тікелей эфирдегі жаңа ток-шоудың басты мақсаттарының бірі – «Ауыл аманаты» бағдарламасына қатысқан адамдардың өз аузынан ауылдағы тың өзгерістер туралы естіп-білу. Сондай-ақ, ауыл әкімдерінің біліктілігін арттыру бағдарламасына қатысқан әкімдердің тікелей эфирдегі сұхбаты, сондай-ақ сол ауылдағы халықтың пікірлері де тыңдалады.
Жалпы, бір сөзбен айтқанда, жаңа ток-шоу ауыл халқының үнін тыңдап, шынайы оқиғалар туралы баяндау.
Ток-шоу жарты сағат бойы тікелей эфирде жүреді.