«Былтыр 68 мың теңге болған»: Жаңа жылда дастархан жаю үшін неше теңге кетеді

Автор: Аягөз Құрмаш

Бұл туралы Сауда комитетінің төрағасы айтып берді 

Фото: istockphoto.com

Сауда комитетінің төрағасы Ернұр Жәутікбаев үкіметтегі брифингте Жаңа жылды қарсы алу үшін мерекелік дастарханға неше теңге қажет болатынын түсіндіріп берді, деп жазады Azattyq Rýhy.

Оның айтуынша, талдау барысында мерекелік дастарханға қажетті 37 түрлі тамақтың тізімі бекіген. Осы себеттің ішінде екі ыстық тағам, соның бірі тауық еті бар.

«Өткен жылы жаңа жылдық азық-түлік себетінің құны шамамен 68 мың теңге болды. Ал қазір бұл себеттің бағасы 70 мың теңгені құрап отыр. Кейбір тауарлар арзандады, кейбірінің бағасы өсті, жалпы динамика осындай», - деді Ернұр Жәутікбаев.