Токионың көшелерінде Қазақстанның көк туы желбіреп тұр

Автор: Асыл Арман

Тоқаев 18-20 желтоқсан күндері ресми сапармен Жапонияға барады

Фото: Telegram/Борт N1

Токио Қазақстан президентінің сапарына дайындалып жатыр. Бұл туралы Telegram желісіндегі Борт N1 парақшасы жариялады, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев 18-20 желтоқсан күндері ресми сапармен Жапонияға барады.

Ақорданың мәліметінше, сапар аясында император Нарухитомен, премьер-министр Санаэ Такаичимен, сондай-ақ Жапонияның іскерлік орта өкілдерімен кездесу жоспарланып отыр. Сол сияқты Қазақстан президенті «Орталық Азия – Жапония» саммитіне қатысады.