Ондаған адамның өміріне қауіп төндірген оны полиция қамады
Патрульдік полиция қызметкерлері Рудный қаласында көп тонналы жүк көлігін басқарған жүргізуші жол қозғалысы ережелерін өрескел бұзып, қауіпті маневрлер жасап, айналасына қауіп төндірген КамАЗ көлігін тоқтатты, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.
«32 жастағы ер адамнан алкогольдің өткір иісі шыққан, сөйлеген сөзі түсініксіз, қозғалыс барысында реакциясы баяу болған. Медициналық куәландыру оның ауыр дәрежеде масаң күйде болғанын растады», - деп хабарлады полиция департаменті.
Заңға сәйкес құқық бұзушы қатаң жазаға тартылады, дәлірек айтсақ, ол 15 тәулікке әкімшілік қамауға алынып, 7 жыл мерзімге көлік құралын басқару құқығынан айырылады.