Астана-Петропавл тасжолында жол апатынан жеті адам зардап шекті (ВИДЕО)

Автор: Асыл Арман

Оқыс оқиға 14 желтоқсан күні болды

Фотоколлаж: Azattyq Rýhy/Әбілқасым Есентаев

Астана-Петропавл автожолында Honda мен Chevrolet Niva автокөліктері соқтығысып қалды. Оқыс оқиға салдарынан жеті адам зардап шекті, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.

Ақмола облысы полиция департаментінің мәліметінше, апат 14 желтоқсанда тасжолдың 292-ші шақырымында болды.

«Жол-көлік оқиғасының нәтижесінде екі жүргізуші, Chevrolet Niva автокөлігінің екі кәмелетке толмаған жолаушысы, сондай-ақ Honda автокөлігінің үш жолаушысы әртүрлі дене жарақаттарымен медициналық мекемеге жеткізілді», – деп хабарлады полиция.

Оқиға бойынша сотқы дейінгі тергеу басталды. Оның нәтижесінде процессуалдық шешім қабылданады.