Астана-Көкшетау тасжолында екі көлік соқтығысып, бірнеше адам қысылып қалды (ВИДЕО)

Автор: Асыл Арман

ТЖМ қызметкерлері жол-көлік оқиғасы кезінде адамды құтқарды

Фото: Видеодан скрин

Астана-Көкшетау тасжолында екі көлік соқтығысып, екі адам қысылып қалды, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.

Астана-Көкшетау автожолының 20 шақырымында екі жеңіл автокөлік соқтығысты. Апат салдарынан қатты майысқан көлікте қысылған күйінде тұрған ер адам мен әйел зардап шекті.

Оқиға орнына құтқарушылар жедел келді, олар гидравликалық құралдың көмегімен зақымдалған есікті ашып, жәбірленушіні алып шықты. Әйел де, ер адам да жедел жәрдем бригадасына берілді.

«ТЖ туындаған жағдайда 112 нөміріне қоңырау шалыңыз», – делінген ҚР ТЖМ хабарламасында.