Ақтөбе облысында мал іздеуге кеткен ер адам адасып кетті

Автор: Асыл Арман

Құтқарушылар тобы ер адамды іздеп тапты

Фото: ҚР ТЖМ

Ақтөбе облысында мал іздеуге кеткен ер адам адасып кетті, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.

Ақтөбе облысының Темір ауданына қарасты Саркөл ауылдық округінің аумағында ТЖД күштері 1972 жылы туған ер адамды іздеу жұмысын жүргізді. Белгілі болғандай ол мал іздеуге жаяу шығып, қайтып оралмаған.

Іздестіру топтары ер адамның ықтимал қозғалыс бағыттарын бағдарлай отырып, іздестіру жұмысына кірісті. Жүргізілген шаралардың нәтижесінде ер адам Қопа ауылынан 10 шақырым жерде табылды. Ол медициналық көмекке мұқтаж болған жоқ.

«ТЖМ еске салады: төтенше жағдай кезінде 112 нөміріне қоңырау шалыңыз», – делінген хабарламада.