$ 519.61  610.13  6.54
ҚАЗ
×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.

Павлодарда емханадан хабарласқан «дәрігер» зейнеткердің миллиондаған теңгесін қағып алды

Зейнеткер телефон арқылы алаяқтарының құрбаны болды

Павлодарда емханадан хабарласқан «дәрігер» зейнеткердің миллиондаған теңгесін қағып алды
Фото: istockphoto.com

Павлодарда 72 жастағы зейнеткер телефон арқылы алаяқтарға 2 миллион теңге аударып жіберді, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.

Облыстық Полиция департаментінің мәліметінше, зейнеткер телефон алаяқтарының құрбанына айналды. Олар белгілі схема бойынша әрекет етті. Бәрі Ресейде тіркелген нөмірден келген қоңыраудан басталды: қоңырау шалушы өзін дәрігер ретінде таныстырып, басқа емханадан вакцинациядан өту керектігін айтты.

Белгісіз тұлғаға сенген әйел смс-тен келген кодты айтып жіберген, сол арқылы алаяқтарға өз банктік шоттарына қол жеткізу мүмкіндігін берді. Кейін оған схеманың басқа қатысушылары – «тергеуші Эдуард» пен «қаржы маманы Виктор» қоңырау шалады. Олар әйелді сендіріп, оның шотына мемлекеттік қаражат түскенін, оны дереу қайтару қажеттігін айтты.

«Алаяқтардың нұсқауларын орындап, зейнеткер 2 миллион теңгені алып, оны шетелдегі белгісіз шотқа аударып жіберді. Тек аударымнан кейін ғана әйел өзіне алаяқтық жасалғанын түсінді. Қылмыскерлер іздерді жасыру үшін барлық хабарлама мен қоңырауды өшіруді талап етті. Міне осы жағдайдан кейін әйел полицияға жүгінді», – деп хабарлады полиция.

Серіктес жаңалықтары