Айбек Смадияров Ақордада жаңа лауазымға тағайындалды

Автор: Асыл Арман

Ақорда ресми хабарлама таратты

Фото: ҚР СІМ

Айбек Смадияров Президенті Әкімшілігінің Ішкі саясат бөлімінің меңгерушісі болды, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.

«Мемлекет басшысының өкімімен Айбек Серікбайұлы Смадияров Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігінің Ішкі саясат бөлімінің меңгерушісі лауазымына тағайындалды», – делінген Ақорданың хабарламасында.

Айта кетейік, өткен аптада Айбек Смадияров Сыртқы істер министрлігінің ресми өкілі – баспасөз қызметшісі лауазымынан кететінін мәлім еткен болатын.