Қалада қолайсыз метеорологиялық жағдайлар күтіледі
Синоптиктер Алматы қаласында бүгін, 14 желтоқсан күні ауаның ластану деңгейінің жоғары болатынын ескертті. «Қазгидрометтің» мәліметінше, демалыс күні қалада қолайсыз метеорологиялық жағдайлар күтіледі, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.
2025 жылдың 14 желтоқсанында Алматыда қолайсыз метеорологиялық жағдайлардың орын алуына байланысты атмосферада зиянды заттар жиналады.
Қолайсыз метеорологиялық жағдайлар – бұл желсіздік, әлсіз жел, тұман және инверсия сияқты қысқа мерзімді метеофакторлардың үйлесімі. Олар атмосфераның жер беті қабатында зиянды (ластаушы) заттардың жиналуына себеп болады.
Қыс мезгілінде Алматының ерекшелігіне байланысты бұл жағдайлар жиі тіркеледі.
Ауаның ластануы күшейген кезде қала тұрғындарынан, әсіресе қауіп тобындағы адамдардан сақтық шараларын сақтау талап етіледі:
1. Дадала болуды азайтыңыз: Ашық ауада серуендеу уақытын барынша қысқартуұсынылады. Әсіресе, автотрассаларға немесе басқа ластау көздеріне жақын жүруден аулақ болыңыз.
2. Дәрі-дәрмекті қадағалаңыз: Өкпенің созылмалы ауруларымен, жүрек-қан тамырлары және аллергиялық аурулармен ауыратын адамдарға сыртқа шыққанда қажетті дәрі-дәрмектерін міндетті түрде өздерімен бірге алып жүру керек.