Әлем чемпионаты: бокстан Қазақстан құрамасы жалпы есепте екінші орынға ие болды

Автор: Алмас Ерсін

Қазақстан құрамасы үш алтын, бір күміс және екі қола медаль жеңіп алды

Фото: Olympic.kz

Халықаралық бокс қауымдастығы (IBA) ұйымдастырған бокстан 2025 жылғы әлем чемпионатында Қазақстан жалпы командалық есепте екінші орын алды, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.

Қазақстан құрамасы үш алтын, бір күміс және екі қола медаль жеңіп алды. Бірінші орынды жеті алтын, бес күміс және бір қола медальмен Ресей құрамасы иеленді. Ал екі алтын, төрт күміс және үш қола медаль алған Өзбекстан командасы үшінші орынға тұрақтады.

Еске сала кетейік, Сәкен Бибосынов (54 кг), Оразбек Асылқұлов (57 кг) және Абылайхан Жүсіпов (71 кг) әлем чемпионы болды.  Сабыржан Аққалықов күміс жүлдегер атанды. Ал Ертуған Зейнуллинов (63.5 кг) пен Теміртас Жүсіпов (48 кг) қола жүлдені қанағат тұтты.

Жалпы командалық есеп:

  1. Ресей – 7 алтын, 5 күміс, 1 қола
  2. Қазақстан – 3 алтын, 1 күміс, 2 қола
  3. Өзбекстан – 2 алтын, 4 күміс, 3 қола
  4. Әзербайжан – 1 алтын, 2 қола
  5. Қырғызстан – 1 күміс, 1 қола
  6. Тәжікстан – 1 күміс, 1 қола
  7. Беларусь – 1 күміс
  8. Армения – 5 қола
  9. Грузия – 2 қола
  10. Замбия, Испания – 2 қола
  11. Непал, Молдова, Мали, Түрікменстан, Куба – 1 қола.