ШҚО-да ауыл тұрғынынан екі келі есірткі табылды

Автор: Асыл Арман

Күдіктінің 52 жаста екені анықталды

Фото: ШҚО ПД

Шығыс Қазақстан облысында ауыл тұрғынынан 2 келіден астам марихуана табылды, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.

Күршім ауданында малды қараусыз жайғаны үшін жауапқа тарту мақсатында ауылдың 52 жастағы тұрғынына келген учаскелік полиция инспекторы ер адамның есірткі қолданып отырғанын көрген.

Кейіннен жүргізілген тінту барысында полицейлер өзіне тән иісі бар қоңыр түсті ұсақталған өсімдік тектес затты тәркілеген. Сараптама оның жалпы салмағы 2 келіден асатын кептірілген марихуана екенін растады.

«Ер адам есірткіні жеке мақсатта пайдалану үшін жинап, сақтағанын түсіндірген. Есірткі заттарын заңсыз сақтау фактісі бойынша сотқа дейінгі тергеу басталып, күдікті уақытша ұстау изоляторына қамалды.

Полиция өңір тұрғындарына есірткі заттарының айналымына, сақталуына және қолданылуына жол берілмейтінін еске салады, сондай-ақ мұндай фактілер туралы құқық қорғау органдарына дереу хабарлауға шақырады», – делінген облыстық ПД хабарламасынд.