Алматыда 12-қабаттан құлап кеткен қыз бала көз жұмды

Автор: Асыл Арман

Қайғылы оқиғаны Полиция департаменті растады

Фото: T.me/Jagdai

Алматыда 12-қабаттан құлап кеткен қыз бала оқиға орнында көз жұмды, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.

Өкінішке қарай, қайғылы оқиғаны қалалық Полиция департаменті растап, агенттік тілшісіне ресми түсіндірме жасады.

«Аталған дерек бойынша Түрксіб аудандық полиция басқармасымен қылмыстық іс қозғалды.24 жастағы қыздың қаза болу себептері мен мән-жайлары анықталып жатыр», – делінген Алматы қаласы Полиция департаментінің баспасөз қызметі хабарламасында.