Синоптиктер болжамы жария болды
«Қазгидромет» РМК 11 желтоқсанға арналған ауа райы болжамын жариялады, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.
Жауын-шашынсыз, түнде және таңертең кей жерде тұман байқалады. Батыста және солтүстік бөлігінде күндіз 7° аяз, түнде 15° аяз болады. Жел шығыс, оңтүстік-шығыс бағыттан 9-14 м/с, кей жерде 15-20 м/с жылдамдықпен соғады. Атырау мен Ақтауда түнде -2…7°, күндіз -3…2° шамасында болады.
Бұл өңірлерде аяз сақталады, кей жерлерде тұман және көктайғақ күтіледі. Астана мен Көкшетауда түнде -13…-24°, күндіз -7…-12°. Солтүстік облыстарда кей жерлерде жел 15-20 м/с жылдамдықпен соғып, ауа температурасы түнде 20-30° аяз, күндіз 10-17° аяз шамасында болады.
Түнде қар, боран, кей жерлерде тұман күтіледі. Жел 9-14 м/с, кей таулы және шығыс аудандарда 23-28 м/с дейін күшейеді. Ауа температурасы түнде 24-33° аяз, күндіз 15-23° аяз болады.
Оңтүстікте кей жерлерде қар жауып, таулы аймақтарда боран, тұман және көктайғақ күтіледі. Жел 8-20 м/с. Ауа температурасы түнде -10…-3°, күндіз 2-10° шамасында болады. Алматы мен Қонаевта көктайғақ, Шымкент пен Түркістанда түнде -3…-7°, күндіз 7-10° жылы болады.