Қала әкімдігі ресми мәлімдеме жасады
Астана қаласының мектептерінде екінші ауысымның 0-4 сынып оқушылары сабағын онлайн оқитын болды, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.
Ауа райының қолайсыздығына байланысты қала әкімдігі ресми мәлімдеме жасады.
«2025 жылғы 10 желтоқсан күні ауа райының қолайсыздығына байланысты екінші ауысымның 0-4 сынып оқушылары қашықтан оқыту форматына ауыстырылады», – делінген Білім басқармасының хабарламасында.
Айта кетейік, Астанада дәл қазіргі сәтте ауа райы 22 градус аяз болып тұр.