Республикалық автожолдардағы ауа райы туралы мәлімет жарияланды
Қазақстанның 10 облысында тасжолдар жүргізушілер үшін қауіпті. Осыған байланысты «ҚазАвтоЖол» ескерту жариялады, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.
10 желтоқсанда Ақмола, ШҚО, Атырау, Қарағанды, Жамбыл, Алматы, Абай, Жетісу, Маңғыстау және Павлодар облыстарының кей жерлерінде қар аралас жаңбыр мен қар күтіліп отыр.
«Осы себепті жүргізушілерге жылдамдық режимі мен қауіпсіз арақашықтықты қатаң сақтап, жолдардағы ауа райының қолайсыздығын ескерулеріңізді сұраймыз», – делінген хабарламада.
1403 байланыс орталығына хабарласып, тәулік бойы қосымша ақпарат алуға болады.