Ол 9 адамды алдып, ақшасын қағып алған
Шымкент қаласының қылмыстық істер жөніндегі ауданаралық сотында И. есімді азаматқа қатысты ҚК-нің 190-бабы 4-бөлігі 2-тармағы («ірі және аса ірі мөлшерде бірнеше рет жасалған алаяқтық») бойынша қылмыстық іс қаралды. Сотталушы И. ҚК-нің 190-бабы 4-бөлігінің 2) тармағымен (бірнеше рет ірі және аса ірі мөлшерде алаяқтық жасау) айыпталды, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.
И. 2023-2025 жылдар арасында Шымкент қаласында бірнеше рет тоғыз жәбірленушіге арзан бағада автокөлік алып беремін деп алдап айтып, олардың сенімдеріне кіріп, алаяқтық жолымен олардың ақшасын иемденген.
Сотталушының тағылған айып бойынша кінәсі іс бойынша жинақталған құжаттармен дәлелденеді. Прокурор сотталушыға бас бостандығынан айыру жазасын тағайындауды, ҚК-нің 74-бабы бойынша тағайындалған жазаны 1 жылға кейінге қалдыруды сұрады.
«Жәбірленушілер сотталушыға бас бостандығынан айыру жазасын тағайындауды және азаматтық талап арыздарды қанағаттандыруды сұрады. Сотталушы өзіне ең төменгі мерзімде жаза тағайындауды және оны орындауды 5 жылға кейінге қалдыруды сұрады.
Сот, сотталушының қылмыстық жауапкершілігін жеңілдететін мән-жайлар ретінде оның кінәсін мойындауын, 3 кәмелетке толмаған баласының болуын ескерді, ал ауырлататын мән-жайлар ретінде – бұрын сотталғаны, әрекетінде қылмыстардың қайталануы және залалдың өтелмеуі назарға алынды.
Сот, И.-ны ҚК-нің 190-бабы 4-бөлігінің 2) тармағымен кінәлі деп танып, оған түпкілікті 7 жыл 6 ай бас бостандығынан айыру жазасын тағайындалды, ҚК-нің 74-бабы бойынша жазаны орындау 1 жылға кейінге қалдырылды», - делінген сот хабарламасында.
Азаматтық талаптар қанағаттандырылды. Үкім заңды күшіне енген жоқ.