ТЖМ қызметкерлері 11 адамды құтқарды
Атырау қаласында көпқабатты үйдің пәтерінен өрт шығып, 11 адам қызыл жалынның ортасында қалды, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.
ТЖМ мәліметінше, Атырау қаласының бір ауданында бес қабатты тұрғын үйдің 1-қабатындағы пәтерде өрт шыққаны туралы хабар түсті. Оқиға орнына ТЖМ күштері жедел жетті, деп хабарлайды
Оқиға орнына ТЖМ-нің күштері сондай-ақ медициналық көмек орталығының мамандары жедел жетті.
«Өрт сөндірушілер саты арқылы құтқару қалпақтарын пайдалана отырып, оның ішінде екі бала бар 7 адамды құтқарып, оларды одан әрі тексеру үшін жедел медициналық жәрдем бригадасына тапсырды. Сонымен қатар автосатының көмегімен тағы төрт адам құтқарылды, олардың ішінде бір бала бар.
Өрт сөндіру бөлімшелерінің шұғыл және үйлесімді әрекеттерінің арқасында өрт толықтай сөндірілді. Өрттің шығу себебі анықталуда», - делінген хабарламада.