$ 514.74  599.36  6.71
ҚАЗ
×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.

«Қайрат» «Олимпиакостан» да ұтылып қалды

«Қайрат» Чемпиондар лигасының турнирлік кестесінде 35-орында тұр

«Қайрат» «Олимпиакостан» да ұтылып қалды
Фото: Pavel Mikheyev / Reuters

Алматының «Қайраты» Грекияның «Олимпиакостан» ұтылып қалды, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.

«Астана Арена» стадионында өткен матч 0:1 есебімен аяқталды. Матчта жалғыз әрі жеңісті голды «Олимпиакос» сапынан 73-минутта Желсон Мартинш соқты.

Осы жеңісінің арқасында грекиялық ұжым Чемпиондар лигасында 5 ұпай жинап, турнирлік кестеде 26-орынға көтерілді. Ал «Қайрат» 1 ұпаймен 35-орында тұр.

«Қайрат»: ​Темірлан Анарбеков – Луиш Мата, ​Александр Широбоков, Егор Сорокин, Еркін Тапалов (Азамат Тұяқбаев 62) – Олжас Байбек (Дамир Қасаболат 82), Дан Глейзер, Александр Мрынский, Гиорги Зария (Валерий Громыко 46) – Рикардиньо (Жоржиньо 46), Эдмилсон (Юг Станоев 82);

«Олимпиакос»: Костас Дзолакис – Франсиско Ортега, Жюльян Бьянкон, Лоренцо Пирола, Родиней – Сантьяго Эссе (Дани Гарсия 84), Христос Музакитис, Шикинью (Мехди Тареми 62) – Желсон Мартинш, Даниэл Поденсе (Габриэль Стрефецца 62), Айюб эль-Кааби;

Айта кетейік, «Қайраттың» өз алаңында өтетін қалған ойыны да ауа райының қолайсыздығына байланысты елордадағы төбесі жабық «Астана Арена» стадионында өтеді.

Серіктес жаңалықтары