KASE-де күндізгі сауда қорытындысы бойынша доллардың орташа бағамы 514,74 теңгеге жетті
Қазақстан қор биржасындағы (KASE) күндізгі сауда-саттық қорытындысы бойынша доллардың орташа бағамы 514,74 теңгені құрап, 5,53 теңгеге қымбаттады, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.
Ұлттық банктің 9 желтоқсанға арналған ресми бағамы – 508,3 теңге.
Kurs.kz сайтының деректеріне сүйенсек, Алматыдағы айырбастау пунктерінде доллардың орташа сатып алу бағасы – 517,51 теңге, сату бағасы – 520,12 теңге.
Астанада долларды орта есеппен 514,84 теңгеге сатып алып, 521,84 теңгеге сатады.
Шымкентте сатып алу бағасы – 516,71 теңге, сату бағасы – 518,8 теңге.