Аяз, боран, тұман: құтқарушылар қазақстандықтарға үндеу жасады

Автор: Мөлдір Қазыбай

ҚР ТЖМ ресми мәлімдеме жасады

Фото: istockphoto.com

Елімізде ауа райы күрт өзгеріп, қатты аяз, қар, боран, тұман, көктайғақ орнайды. Құтқарушылар қазақстандықтарға үндеу жасады, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.

Ақтөбе, Қостанай, СҚО, Ақмола, Павлодар, Қарағанды, ШҚО, Алматы, Ұлытау, Абай және Жетісу облыстарында -20-33 °C қатты аяз күтілуде.

СҚО, Ақмола, Павлодар, Қарағанды, ШҚО, Жамбыл, Түркістан, Алматы облыстарында қар жауып, боран соғады.

Алматы, Түркістан, Жамбыл, ШҚО, Ақтөбе, Қызылорда, БҚО облыстарында көктайғақ күтілуде.

«ТЖМ қауіпсіздік шараларын сақтауды, алыс жол жүруді шектеуді, жылы киінуді және болжамдарды қадағалауды ескертеді», – делінген ҚР ТЖМ хабарламасында.