Аяздағы қауіпсіздік ережелері жарияланды
Шығыс Қазақстан облысында күннің күрт суытуына байланысты өрт оқиғалары мен көмірқышқыл газынан улану жағдайлары жиілеген. Жылыту маусымы басталғалы 120-дан астам өрт тіркелген, оның ішінде 7 адам газдан зардап шекті, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.
Ауа райының күрт суытуына байланысты, әдетте, ШҚО ТЖД құтқарушылары өрттердің көбеюін және көмірқышқыл газымен улану жағдайларын тіркейді. Өңірде жылыту маусымы басталғалы бері 120-дан астам өрт болған. Оның ішінде 30 өрт – электр жабдықтарын тиісінше пайдаланбаудан, 38-і – пештерді қолдану кезінде өрт қауіпсіздігі талаптарын сақтамаудан, 39-ы – отты абайсыз қолданудан шыққан. Жарықшалары бар және түтін мұржалары тазартылмаған пештерді қолдану салдарынан 7 азамат көмірқышқыл газынан зардап шеккен.
«Қауіпсіздікті қамтамасыз ету мақсатында Шығыс Қазақстан облысында бүгінгі таңда 34 800-ге жуық тұрғын үйге рейдтік аралау жүргізілді. Құтқарушылар үй иелеріне өрт қауіпсіздігінің талаптарын егжей-тегжейлі түсіндірді.
Алдағы күндері өңірде дауылды ескерту жарияланған, суық антициклон сақталып, ауа температурасы төмендеуі күтіліп отыр», – делінген ведомство хабарламасында.
Құтқарушылар тұрғындарды мынадай ұсыныстарды ескеру қажеттігін ескертті: