Мәулен Әшімбаев жаңа қызметке тағайындалды

Автор: Azattyq Rýhy

Бүгін Нұр-Сұлтанда «Сыртқы саяси зерттеулер институты» АҚ Директорлар кеңесінің бірінші отырысы өтті, деп хабарлайды Azattyq Rýhy тілшісі

Фото: ҚР ІІМ

«Отырысты ашқан Министр Мұхтар Тілеуберді Директорлар кеңесінің мүшелерін сайлануымен құттықтап, отырысқа қатысушыларды Сыртқы саяси зерттеулер институтының мақсаттары және міндеттерімен таныстырды. Директорлар кеңесін ҚР Президентінің көмекшісі Мәулен Әшімбаев басқарады», - деп хабарлады Сыртқы істер министрлігінің баспасөз қызметі.

Институттың негізгі міндеті – Қазақстан Республикасы сыртқы саясатының басым бағыттарын іске асыру бойынша практикалық ұсынымдар әзірлеу, әлемдік саясат пен экономикада, ұлттық және халықаралық қауіпсіздік саласында өзекті трендтерді сараптау.