Қазақ-иран ынтымақтастығын одан әрі нығайту мәселелері талқыланады
Астанаға ресми сапармен Иран президенті келетін күн жарияланды, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.
Ақорданың мәліметінше, Иран Ислам Республикасының президенті Масуд Пезешкиан Астанаға 10-11 желтоқсан күндері ресми сапармен келеді.
«Сапар барысында тараптар жоғары деңгейдегі келіссөздер жүргізіп, сауда-экономикалық, көлік-логистика және мәдени-гуманитарлық салалардағы қазақ-иран ынтымақтастығын одан әрі нығайту мәселелерін талқылайды», – делінген Ақорданың хабарламасында.