Қазақстанның 15 өңіріндегі тасжолдарда қар аралас жаңбыр жауады

Автор: Асыл Арман

Республикалық автожолдардағы ауа райы туралы мәлімет жарияланды

Фото: istockphoto.com

Қазақстанның басым бөлігіндегі тасжолдарда қар аралас жаңбыр жауады, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.

«ҚазАвтоЖол» мәліметінше, 8 желтоқсан күні Ақмола, СҚО, ШҚО, БҚО, Ақтөбе, Қарағанды, Қостанай, Жамбыл, Алматы, Абай, Жетісу, Түркістан, Маңғыстау, Қостанай және Павлодар облыстарының кей жерлерінде қар аралас жаңбыр мен қар күтіліп отыр.

«Осы себепті жүргізушілерге жылдамдық режимі мен қауіпсіз арақашықтықты қатаң сақтап, жолдардағы ауа райының қолайсыздығын ескерулеріңізді сұраймыз», – делінген хабарламада.

1403 байланыс орталығына хабарласып, тәулік бойы қосымша ақпарат алуға болады.