Тұман, көктайғақ, бұрқасын: жексенбі күні Қазақстанда ауа райы қандай болады

Автор: Мөлдір Қазыбай

Синоптиктердің болжамы жарияланды

Фото: istockphoto.com

«Қазгидромет» РМК жексенбі күнге арналған ауа райы болжамын жариялады, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.

Солтүстік және орталық өңірлер (Ақмола, Қостанай, СҚО, Павлодар, Қарағанды, Ұлытау)

Бұл аймақтарда күндіз және түнде қар, бұрқасын, көктайғақ болады. Басым бөлігінде тұман түседі. Жел көбіне оңтүстік-батыстан, батыстан соғып, кей өңірлерде 15-20 м/с-қа дейін күшейеді. Ауа температурасы түнде және күндіз -1…-6°, кей жерлерде -10…-18° дейін төмендейді. Астана, Көкшетау, Петропавл, Павлодар, Қостанайда қар жауып, жолдарда көктайғақ болады.

Шығыс өңірлер (ШҚО, Абай)

Шығыста қар, бұрқасын, тұман және көктайғақ сақталады. Жел 9-14 м/с, кейде 15-20 м/с-қа дейін жетеді. Түнгі температура -3…-9°, кейбір таулы аудандарда -13…-18°. Күндіз -3…+3° болады. Өскемен мен Семейде қарлы ауа райы, бұрқасын мен көктайғақ күтіледі. Таулы аймақтарда қалң қар жауып, көріну деңгейі төмендейді.

Оңтүстік өңірлер (Алматы, Жетісу, Түркістан, Жамбыл, Қызылорда)

Оңтүстікте кей жерлерде жаңбыр, қар түріндегі әлсіз жауын-шашын байқалады. Таулы және тау етегіндегі аудандарда тұман, көктайғақ жиілейді. Алматыда, Талдықорғанда күн ашық, түнде -2…-6°, күндіз +5…+8°. Шымкент, Түркістан, Таразда түнде 0…-2°, күндіз +8…+12°. Қызылордада жауын-шашынсыз, күндіз +5…+7° болады.

Батыс өңірлер (БҚО, Атырау, Маңғыстау, Ақтөбе)

Батыста қар, жаңбыр, көктайғақ пен тұман жиі болады. Желдің жылдамдығы 9-14 м/с, кей жерлерде 15-20 м/с. Түнде -3…-8°, күндіз -1…+5°. Оралда түнде тұман, күндіз -2…+2°. Атырауда жауын-шашынсыз, 0…+2°. Ақтауда жаңбыр мен қар аралас жауады, көктайғақ күтіледі. Ақтөбеде күн суық, жауын-шашын аз, -5…-2°.