Автобус жолаушылары жарақат алды
Астана – Қабанбай батыр – Теміртау тасжолында жол-көлік оқиғасы болып, 12 адам жарақат алды, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.
Полиция департаментінің баспасөз қызметі агенттік тілшісіне берген түсініктемесінде жол апатының мән-жайын және себептерін анықтау үшін кешенді тергеу іс-шаралары жүргізіліп жатқанын мәлімдеді.
«Алдын ала мәлімет бойынша, «Ивеко» маркалы жолаушылар автобусының жүргізушісі алдында келе жатқан экскаватормен соқтығысқан. Жол-көлік оқиғасы салдарынан медициналық мекемелерге 12 адам, оның ішінде автобус жүргізушілері мен жолаушылары жеткізілді», – деді полиция.