Алдағы үш күнде мегаполистердегі ауа райы қандай болады

Автор: Дәулет Ботагөз

Астанада күн суытады

Фото: © istockphoto.com

2025 жылдың 7 мен 9 желтоқсаны аралығында Астана, Алматы және Шымкент қалаларында ауа райы күрт нашарлайды, деп хабарлайды Azattyq Rýhy. 

«Қазгидромет» мамандарының болжамына сәйкес, мегаполистерде қар, жаңбыр, боран, көктайғақ болады.

Астанадағы ауа райы

Елордада апта соңында ауа температурасы айтарлықтай төмендейді.

7 желтоқсан: Күн бұлтты, кей уақытта қар жауады, жердегі аздаған боран және көктайғақ болады. Ауа температурасы түнде де, күндіз де -1-3°С аралығында.

8 желтоқсан: Ауа райы бұлтты, қар мен көктайғақ сақталады. Ауа температурасы түнде де, күндіз де -3-5°С болады.

9 желтоқсан: Бұлтты, кей уақытта қар, низовая метель және көктайғақ күтіледі. Желдің екпіні күндіз 15-20 м/с жетуі мүмкін. Ең бастысы: Ауа температурасы түнде -20-22°С-қадейін, күндіз -18-20°С-қа дейін күрт суытады.

Алматыда көктайғақ болады

Оңтүстік астанада ауа райының жылы күндері аяқталып, қарлы кезең басталады.

7 желтоқсан: Ауа райы құбылмалы, жауын-шашынсыз. Күндізгі температура +6+8°С болады.

8 желтоқсан: Күндіз жаңбыр жауады. Түнде және таңертең тұман болады. Күндізгі температура +3+5°С.

9 желтоқсан: Ауа райы бұлтты, жауын-шашын, түнде қар мен жаңбыр түрінде кей уақытта қатты жауын-шашын күтіледі. Көктайғақ пен кей уақытта тұман болады. Желдің екпіні күндіз 15-18 м/с-қа дейін жетеді. Күндізгі температура 0+2°С болады.

Шымкентте тұман түседі

Шымкентте жылы ауа райы біртіндеп суыққа ауысады, жауын-шашын жиілейді.

7 желтоқсан: Түнде және таңертең жаңбыр мен қар түріндегі жауын-шашын және тұман күтіледі. Күндізгі температура +10+12°С-қа дейін жылы.

8 желтоқсан: Кей уақытта жаңбыр мен сулы қар түрінде жауын-шашын болады. Күндізгі температура +3+5°С.

9 желтоқсан: Кей уақытта жауын-шашын (жаңбыр, сулы қар) болады. Түнде және таңертең тұман күтіледі. Температура түнде 0°С шамасында, күндіз +2+4°С.