«Нарынқол» заставасындағы өрттен әкесі мен кішкентай баласы қаза тапты

Автор: Дәулет Ботагөз

Сотқа дейінгі тергеу амалдары басталды

Фото: © istockphoto.com

Алматы облысындағы «Нарынқол» шекара заставасының аумағындағы қызметтік үйде өрт шығып, салдарынан әскери қызметші мен оның кішкентай баласы қаза тапты. Осы факт бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары басталды, деп хабарлайды Azattyq Rýhy. 

Оқиға қалай болды?

ҚР Ұлттық қауіпсіздік комитетінің Шекара қызметінің мәліметі бойынша, застава аумағындағы тұрғын үйде болған өртті Төтенше жағдайлар департаментінің күштері толығымен сөндірген.

Өрттің шығу себептері мен оқиғаның толық мән-жайы қазіргі уақытта анықталуда.

Сотқа дейінгі тергеу басталды

Шекара қызметі бұл факт бойынша сотқа дейінгі тергеудің басталғанын хабарлады.

«Осы қайғылы оқиғаға байланысты қаза тапқандардың туыстары мен жақындарына терең қайғырып көңіл айтамыз. Оларға қажетті барлық көмек көрсетіліп жатыр», – делінген хабарламада.

Қазіргі кезде тергеушілер өрттің неден шыққанын және қандай да бір қауіпсіздік ережелерінің бұзылуы болған-болмағанын тексеруде.