Тоқаев Таиланд короліне құттықтау жеделхатын жолдады

Автор: Асыл Арман

Президент Таиланд Корольдігінің Ұлттық мерекесімен құттықтады

Фото: Ақорда

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Таиланд короліне құттықтау жеделхатын жолдады, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.

Қасым-Жомарт Тоқаев Маха Вачиралонгкорнды Таиланд Корольдігінің Ұлттық мерекесімен құттықтады.

Президент Астана мен Бангкок арасындағы достыққа, өзара түсіністікке негізделген қатынастардың тұғыры биік, әлеуеті мол екенін атап өтті.

Сонымен қатар екі елдің сан қырлы ықпалдастығы қос халықтың игілігі жолында беки беретініне сенім білдірді.