Елімізде табысты бизнеспен айналысуға қолайлы жағдай жасалған – Тоқаев
Президенттің айтуынша, мұны барлық шетелдік бақылаушы мен маман мойындап отыр
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстанда бизнеске қолайлы жағдай жасалғанын айтты, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.
Президенттің айтуынша, мұны барлық шетелдік бақылаушы мен маман мойындап отыр.
«Креативті индустрия секілді жаңа секторларды дамыту арқылы экономиканың көкжиегі кеңейеді. Халықаралық қаржы институттарының есебіне сәйкес, аталған сегмент әлем бойынша жыл сайын 2 триллион доллардан аса табыс әкеле алады, сондай-ақ 50 миллионнан астам жұмыс орнын ашуға қауқарлы.
Бірқатар дамыған елде, мәселен, АҚШ-та, Ұлыбританияда, Корея Республикасында креативті индустрия ішкі жалпы өнімнің 2-ден 7 пайызға дейінгі көлемін қалыптастырады. Сарапшылардың бағалауынша, креативті индустрияға салынған әр доллар қосылған құнның 2,5 долларын құрайды», – дейді президент.
Сөзін жалғай отырып, Қазақстанда креативті индустрияны өркендетуге айтарлықтай әлеует бар екенін тілге тиек етті.
«Біздің жастарымыз өте шығармашыл, олардың мінезі де, менталитеті де соған сай келеді. Алайда еліміздің ішкі жалпы өніміндегі бұл сектордың үлесі 1 пайыз ғана», – дейді ол.