Астанада екі автобус соқтығысып, біреуінің жүргізушісі қаза болды

Автор: Асыл Арман

Шағын автобустың жүргізушісі рөлге ие бола алмай қалған

Фото: Астана ПД

Астанада екі автобус соқтығысып, біреуінің жүргізушісі оқиға орнында қаза болды, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.

Қалалық Полиция департаментінің мәліметінше, жол-көлік оқиғасы бойынша қылмыстық іс қозғалды.

Алдын ала деректерге сәйкес шағын автобустың жүргізушісі рөлге ие бола алмай, аялдамада тоқтап тұрған жолаушылар автобусына соғылған.

«Жол-көлік оқиғасы салдарынан шағын автобустың жүргізушісі оқиға орнында көз жұмды.  Зардап шеккен екі адам ауруханаға жеткізілді, оларға медициналық көмек көрсетілуде.

Қазіргі уақытта болған оқиғаның барлық мән-жайы анықталып, тергеу амалдары жүргізіліп жатыр», – делінген қалалық Полиция департаментінің хабарламасында.