Қар жауады: Қазақстанда 5 желтоқсанда ауа райы қандай болады

Автор: Алмас Ерсін

Синоптиктер қалаларда жұма күні ауа райы қандай болатынын болжады

Фото: istockphoto.com

«Қазгидромет» РМК 5 желтоқсанға жасалған ауа райы болжамын жариялады, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.

Астанада көшпелі бұлт шығады, қар жауады, 9–14 м/с жылдамдықпен жел соғады. Ауа температурасы түнде -1…-1°C, күндіз -1…+1°C.

Алматыда көшпелі бұлт шығады, жауын-шашын болмайды, 3–8 м/с жылдамдықпен жел соғады, ауа температурасы түнде 0…+2°C, күндіз +7…+9°C

Шымкентте көшпелі бұлт шығады, жаңбыр жауады, 5–10 м/с жылдамдықпен жел соғады, ауа температурасы түнде +1…+3°C, күндіз +6…+8°C

Ақтауда көшпелі бұлт шығады, жауын-шашын болмайды, 7–12 м/с жылдамдықпен жел соғады, ауа температурасы түнде +2…+4°C, күндіз +7…+9°C

Ақтөбеде ауа райы бұлтты, жауын-шашын болмайды, 2–7 м/с жылдамдықпен жел соғады, ауа температурасы түнде -2…-4°C, күндіз 0…+2°C

Атырауда көшпелі бұлт шығады, жауын-шашын болмайды, 1–6 м/с жылдамдықпен жел соғады, ауа температурасы түнде 0…-2°C, күндіз +3…+5°C

Жезқазғанда көшпелі бұлт шығады, жауын-шашын болмайды, 2–7 м/с жылдамдықпен жел соғады, ауа температурасы түнде -6…-8°C, күндіз -1…+1°C

Қарағандыда көшпелі бұлт шығады, қар жауады, 7–12 м/с жылдамдықпен жел соғады, ауа температурасы түнде -3…-5°C, күндіз -1…-3°C

Көкшетауда көшпелі бұлт шығады, қар жауады, 9–14 м/с жылдамдықпен жел соғады, екпіні 15–20 м/с, ауа температурасы түнде және күндіз 0…-2°C

Қонаевта көшпелі бұлт шығады, жауын-шашын болмайды, 9–14 м/с жылдамдықпен жел соғады, ауа температурасы түнде -1…-3°C, күндіз +6…+8°C

Қостанайда көшпелі бұлт шығады, жауын-шашын болмайды, 3–8 м/с жылдамдықпен жел соғады, ауа температурасы түнде -1…-3°C, күндіз 0…+2°C

Қызылордада көшпелі бұлт шығады, жауын-шашын болмайды, 1–6 м/с жылдамдықпен жел соғады, ауа температурасы түнде -8…-10°C, күндіз 0…+2°C

Павлодарда ауа райы бұлтты, жауын-шашын болмайды, 9–14 м/с жылдамдықпен жел соғады, екпіні 15–20 м/с, ауа температурасы түнде және күндіз -1…+1°C

Петропавлда көшпелі бұлт шығады, жауын-шашын болмайды, 9–14 м/с жылдамдықпен жел соғады, ауа температурасы түнде және күндіз 0…-2°C

Семейде көшпелі бұлт шығады, қар аралас жаңбыр жауады, 5–10 м/с жылдамдықпен жел соғады, екпіні 15–18 м/с, ауа температурасы түнде -1…-3°C, күндіз -1…+1°C

Талдықорғанда көшпелі бұлт шығады, жауын-шашын болмайды, 2–7 м/с жылдамдықпен жел соғады, ауа температурасы түнде -2…-4°C, күндіз +4…+6°C

Таразда көшпелі бұлт шығады, жауын-шашын болмайды, 9–14 м/с жылдамдықпен жел соғады, ауа температурасы түнде 0…+2°C, күндіз +10…+12°C

Түркістанда көшпелі бұлт шығады, жаңбыр жауады, 5–10 м/с жылдамдықпен жел соғады, ауа температурасы түнде 0…+2°C, күндіз +6…+8°C

Оралда ауа райы бұлтты, жауын-шашын болмайды, 2–7 м/с жылдамдықпен жел соғады, ауа температурасы түнде 0…-2°C, күндіз 0…+2°C

Өскеменде ауа райы бұлтты, қар жауады, 5–10 м/с жылдамдықпен жел соғады, екпіні 15–18 м/с, ауа температурасы түнде және күндіз -1…-3°C