Сот орындаушылар салық төлемеген
Астанада ондаған сот орындаушысының салық төлеу мәселесі бойынша заңсыз әрекеттері әшкереленді, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.
Нұра ауданының прокуратурасы жеке сот орындаушылардың салық төлеу мәселесі бойынша талдау жүргізді.
30 жеке сот орындаушы жеке табыс салығын кем көрсеткендігі, ал 26 мүлдем төлемегендігі анықталды.
«Қадағалау актісімен мемлекет пайдасына 40 млн теңгеге жуық ақша өндірілді. Бұл бағытта жұмыс жалғасып жатыр», – делінген прокуратура хабарламасында.