Ұлттық банктің 4 желтоқсандағы ресми доллар бағамы жарияланды
KASE күндізгі сауда-саттығының қорытындысы бойынша доллардың орташа өлшемді бағамы 499,65 теңгені құрап, 3,98 теңгеге төмендеді, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.
Ұлттық банктің 4 желтоқсандағы ресми доллар бағамы – 503,89 теңге.
Kurs.kz сайтының мәліметінше, Алматыдағы айырбастау пунктерінде доллардың орташа сатып алу бағамы – 501,49 теңге, сату бағамы – 504,11 теңге.
Астанада доллар орта есеппен 499,66 теңгеге сатып алынып, 506,66 теңгеге сатылып жатыр.
Шымкенттегі айырбастау пунктерінде доллардың орташа сатып алу бағасы – 500,71 теңге, сату бағасы – 503 теңге.