Арал теңізінің құрғаған түбінде қандай іс-шаралар атқарылып жатқаны белгілі болды
Үкіметте президенттің орман қоры аумағында 2 млрд ағаш отырғызу жөніндегі тапсырмаларын жүзеге асыру барысы жеке мәселе ретінде қаралды, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.
Экология министрінің айтуынша, 2021-2025 жылдар аралығында республика бойынша жалпы ауданы 918,4 мың гектар алқапқа 1 млрд 470 млн ағаш егілді, оның ішінде биыл 320 млн көшет отырғызылды.
«Семей орманы» МОТР жабық тамырлы көшеттер өсіру тәжірибесі 5 өңірде – Алматы, Шығыс Қазақстан, Павлодар және Қостанай, Абай облыстарында кеңейтілуде. Отандық ағаш тәлімбақтарында өсірілген көшеттердің өмір сүру деңгейі 90%-ға жетеді. Келесі жылдың басында сыйымдылығы жылына шамамен 6 млн көшет егуге жететін орман тұқымын өндіру бойынша жаңа 6 кешеннің құрылысы басталады.
Арал теңізінің құрғаған түбінде табиғи экожүйелерді қалпына келтіру жөніндегі халықаралық жоба шеңберінде Қазалы қаласында қуаттылығы 3 млн данаға дейін сексеуіл көшеттері бар тәлімбақ салынды. Құрғатылған теңіз түбінде тағы бір тәлімбақ салу және «Арал Орманы» резерватын құру бойынша жұмыстар жүргізілуде.
Ақмола, Ақтөбе және Қызылорда облыстары әкімдіктері басшылығының есебі тыңдалды, онда ағаш отырғызу және тұқым жинау бойынша кемшіліктер бар.
Премьер-министр Олжас Бектенов әкімдіктер сапалы отырғызуды қамтамасыз ету және тәлімбақтар құру бойынша тиісті шаралар қабылдауы тиіс екенін атап өтті. Бұл жағдайда егілген көшеттердің санына ғана емес, олардың жерсініп кетуіне де назар аудару керек.
Бақылауды күшейту үшін Премьер-министрдің төрағалығымен «Таза Қазақстан» Президент бастамасының жүзеге асырылу барысына мониторинг жүргізу жөніндегі орталық құрылады. Жауапты мемлекеттік органдар жүргізіліп жатқан жұмыс туралы ай сайын баяндайтын болады.