Қыздың орташа дәрежеде мас екені екені анықталды
Оралда полицейлер танысының автокөлігін айдап әкеткен мас жүргізушіні ұстады, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.
ІІМ ведомстволық сайтының мәліметінше шамамен сағат 05:00-де «102» қызметіне Hyundai көлігінің иесінен хабарлама түскен.
«Ер адам өзінің көлігін айдап әкеткенін хабарлаған. Ол таныс қызын түнгі клуб жанынан жолықтырып, оны үйіне апарып салуды ұсынған. Қыз көлікке отырған, алайда көлік иесі басқа танысымен амандасып жатқан сәтте қыз көлікті айдап кеткен», - деп жазылған хабарламада.
Күдіктінің әрекетін тоқтатуға тырысқанда, қыз қашуға әрекет жасап, көлік иесінің автокөлігін зақымдап, тағы бір көлікті соққан. Полиция қызметкерлері дереу қылмыскерді ұстады, ал ұрланған көлік иесіне қайтарылды.
«Медициналық тексеріс барысында қыздың орташа дәрежеде мас екені екені анықталды. Оған қатысты қылмыстық іс қозғалды», - дейді полицейлер.
Заңнамаға сәйкес оған тиісті шаралар қабылданды.
Полиция азаматтарды жол қозғалысы ережесін сақтауға, мас күйде рөлге отырмауға шақырды.