Орталықта 20-ға жуық өнер ұжымы бар
Қараша айынан бастап белсенді ұзақ өмір сүру орталығының жаңадан ашылған Сарайшық аудандық филиалында зейнеткерлерге арналған би үйірмесі өз жұмысын бастады, деп жазады Azattyq Ryhy.
Бүгінде орталықтың барлық 6 аудандық бөлімшесінде би үйірмелері жұмыс істейді. Бұл - зейнеткерлердің денсаулығын жақсартуға бағытталған сауықтыру үйірмелерінің бір түрі. Қазіргі таңда 500-ден астам зейнеткер би үйірмелеріне тұрақты қатысып жатыр.
Сонымен қатар, әр ауданның зейнеткерлері өз қызығушылықтарына сай клубтарға қатысып, мәдени іс-шараларда белсенділік танытып жүр.
Қазіргі уақытта орталықта би бағыты бойынша 20-ға жуық өнер ұжымы құрылып, табысты жұмыс істеп жатыр.
Атап айтқанда, Алматы ауданында «Аэлита», «Салтанат», «Айби», Байқоңырда «Қызғалдақ», «Достар», «Інжу данс», «Жалын», «Асыл мұра», «Армандастар», «Канкан дэнс» Есілде ауданында «Жаңа толқын», Нұра ауданыда «Қыздар-ай», «Элеганс», Сарыарқа аудаында «Шабыт», «Әдемі дәуір», «Гауһартас», «Шұғыла», «Элигант денс» және т.б. би ұжымдары бар.