Еуропаға саяхаттай алатын елдер тізімінде Қазақстан жоқ

Автор: Azattyq Rýhy

Қазірше эпидемиологиялық ахуалы жақсарған 15 елге ғана рұқсат берілген 

Фото: ашық дереккөзден

Еуроодақ 1 шілдеден бастап 15 елдің туристеріне шекарасын ашты. Кіріп-шығуға қойылған шектеу эпидемиологиялық ахуалы жақсарған мемлекеттер үшін алынвп тасталды, деп хабарлайды КТК телеарнасы. 

Еуропаға кіруге рұқсат алған елдер қатарында Алжир, Австралия, Канада, Грузия және Жапония бар. Коронавирус алғаш шыққан Қытай да тізімге еніпті. Алайда, бұл үшін Қытай еуропалықтарды да өз аумағына кіргізуі шарт. Азаматтары Еуропаға саяхаттай алатын елдер қатарында АҚШ, Ресей және біздің ел жоқ. Десе де, бұл тізімге екі апта сайын өзгеріс енгізіліп отырады.

Еске салсақ, коронавирусқа байланысты Еуроодақ наурыз айында шекараны жапқан болатын.