$ 508.2  589.82  6.54
ҚАЗ
×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.

Астанада полицей балконнан секірейін деп тұрған әйел адамды құтқарып қалды

Оқиға бесінші қабатта болды

Астанада полицей балконнан секірейін деп тұрған әйел адамды құтқарып қалды
Фото: Видеодан скрин

Астанада полиция қызметкерлері бесінші қабатта балконның терезесінен секірейін деп тұрған әйел адамды құтқарып қалды, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.

Қаланың Полиция департаменті агенттік тілшісіне оқиғаға қатысты түсініктеме берді. Белгілі болғандай, таңертең ерте «102» нөміріне қаладағы тұрғын үй кешендерінің бірінде қыз баланың бесінші қабаттағы терезе карнизінде тұрғаны және төмен құлап кетуі мүмкін екені туралы хабарлама түскен. Жағдай жедел әрекет етуді талап етті.

Оқиға орнына бірден патрульдік полиция экипажы жетті. Пәтер есігін ашқан тәртіп сақшылары терезе шетінде тұрған 27 жастағы әйел адамды көрді. Кез келген артық қимыл қайғылы жағдайға әкелуі мүмкін еді.

Қауіп деңгейін бағамдағаннан кейін полицейдің бірі қызбен сөйлесіп, оның күйзелісін азайтуға тырысып бақты. Оның назарын басқа жаққа аударған сәтте патруль қызметкері терезеден тартып шығарып алды, осылайша қауіпті жағдайдың алдын алды.

«Қазіргі уақытта оған психологтар көмектесіп жатыр, оқиғаның мән-жайы анықталуда», – деп хабарлады полиция.

Серіктес жаңалықтары