$ 508.2  589.82  6.54
ҚАЗ
×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.

Ұлдана Мырзуанның есімі берілген арнайы аудитория ашылады

Ол марқұм оқыған колледжде болмақ

Ұлдана Мырзуанның есімі берілген арнайы аудитория ашылады
Фото: Instagram/rustemova_aliya

Денсаулық сақтау министрі Ақмарал Әлназарова Астанада қайтыс болған фельдшер Ұлдана Мырзуанның атына жеке кабинет ашылатынын мәлім етті, деп жазады Azattyq Ryhy.

«Бізге белгілі ақпараттар сол тергеудің нәтижесіне қарай беріліп отыр. Негізгі мәселе сол кезде бұзылған болуы мүмкін құрылыс нормалары мен ережелеріне қатысты болып тұр. Марқұмның жұмыс істеген жедел жәрдем станциясының басшылығымен бірлесіп, ол  білім алған медициналық колледжбен бірге оның есімі берілген арнайы аудитория ашуды жоспарлап отырмыз. Бұл – біз үшін өте ауыр, өте трагедиялық жағдай», - деді министр.

Айта кетейік, Астанада үстіне кондиционер құлап кеткен 23 жастағы фельдшер ауруханада көз жұмды. Оған президент жарлығымен «Ерлігі үшін» медалі берілген еді.

 

 

Серіктес жаңалықтары