Жол-көлік оқиғасынан барлығы 4 адам зардап шекті
Астанада екі автокөліктің соқтығысуы салдарынан екі жаяу жүргінші мен екі жолаушы зардап шекті, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.
Қалалық Полиция департаментінің агенттікке берген пікіріне сүйенсек, Сығанақ және Ақмешіт көшелерінің қиылысында Geely және Toyota маркалы көліктер соқтығысқан. Geely жүргізушісі жарық сигналын көрсеткенде қиылысқа шыққан, алайда көлденең бағытта жүріп келе жатқан Toyota көлігіне жол бермеген. Соққыдан кейін Toyota инерциямен қозғалып, екі жаяу жүргіншіні соғып, ары қарай бағдаршамға ұрылған.
«Жол апаты салдарынан екі жаяу жүргінші, Geely көлігінің бір жолаушысы және Toyota көлігінің бір жолаушысы зардап шекті. Барлығы ауруханаға жеткізілді. Қазіргі кезде тексеру жүргізілуде», – делінген полиция хабарламасында.