Павлодар облысында қарызы бар адамдар астындағы көлігінен айырылып жатыр
Аймақта қарыз өндіру шаралары күшейтіліп жатыр
Павлодар облысында аумағында прокуратура уәкілетті органдармен бірлесіп, «Борышкер» ауқымды рейдтік іс-шараларын жүргізіп жатыр, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.
Оның мақсаты – борышкерлерді анықтап, жауапкершілікке тарту, сондай-ақ атқарушылық құжаттар бойынша өндіріп алу шараларын қамтамасыз ету.
Тек соңғы айдың өзінде 156 млн теңгеден астам қаражат өндіріліп, өндіріп алушыларға 38 бірлік мүлік берілді, 30 автокөлік айыптұрағына қойылды, 23 борышкер жұмысқа орналастырылды, 50 борышкер әкімшілік және қылмыстық жауаптылыққа тартылды.
«Бекітілген кестеге сәйкес, рейдтік іс-шаралар мен пәтер аралау жұмыстары жыл соңына дейін жалғасады.
Мемлекет кірісіне төленетін міндеттемелердің және алимент өндірудің орындалу мәселесі облыс прокуратурасының тұрақты бақылауында», – делінген прокуратура хабарламасында.