$ 513.45  596.99  6.59
ҚАЗ
×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.

Өскеменде жас жігіт 82 жастағы әжейді алдап, жинаған ақшасын қолды етті

Жас жігіттің 22 жаста болғаны анықталды

Өскеменде жас жігіт 82 жастағы әжейді алдап, жинаған ақшасын қолды етті
Фото: freepik.com

Шығыс Қазақстан облысында 82 жастағы әжені телефон алаяқтары алдап, жинап жүрген ақшасын қолды етті, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.

Полицияға Өскемен қаласының 82 жастағы тұрғыны хабарласып, оның үйіндегі телефонына белгісіз әйелдің қоңырау шалғанын айтқан. Өзін зейнеткердің қызы ретінде таныстырған ол жол-көлік оқиғасына ұшырағанын айтып, мәселені шешу үшін ақша қажет деп сендірген.

Осылайша алаяқ қарт әйелді алдап, ақша беруге көндірген. Зейнеткер өз пәтерінде бейтаныс ер адамға қаражатты қолма-қол берген. Алаяқтардың әрекетінен келтірілген шығын 1 500 000 теңгені құраған.

«Полицейлер бейнебақылау инспекторларымен бірлесіп, күдіктіні жедел түрде анықтады. Ол – өзге облыстан келген 22 жастағы азамат екені белгілі болды. Аталған факті бойынша сотқа дейінгі тергеу басталып, тергеу әрекеттері жалғасуда.

ШҚО Полиция департаменті тұрғындарды абай болуға, әсіресе қарт кісілерге ерекше назар аударып, сөйлесіп тұруға шақырады. Бейтаныс адамдарға ешқашан ақша бермеуді және қандай да бір ақпаратты әрдайым жақындарыңыздан нақтылап отыруды ескертеді. Күмән туындаған жағдайда бірден 102 арнасына хабарласыңыздар», – делінген қалалық ПД хабарламасында.

Серіктес жаңалықтары