Оның көлігінен изолентаға оралған 14 түйіншек табылды
Астанада жалға алған көлігімен есірткі таратып жүрген қала тұрғыны қолға түсті, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.
Тексеру барысында ер адамның негізгі жұмысы қаржы саласына байланысты екені анықталды. Ол қаладағы кәсіпорындардың бірінде қаржыгер болып қызмет еткен. Алайда қосымша табыс табу үшін есірткі жасырып кетуші болып жұмысқа орналасқан.
«Демалыс күндері күдікті автокөлік жалдап, интернет-дүкен арқылы түскен тапсырыстар бойынша есірткі жасырып кетуші болып жұмыс істеп жүрген. Күдіктінің көлігін тінту кезінде изолентаға оралған 14 түйіншек табылды. Сондай-ақ оның қаладағы әртүрлі орындарға тағы 10 түйіншек қойып үлгергені анықталды.
Табылған кристалл тәрізді зат — альфа-PVP тәркіленді. Аталған факті бойынша қылмыстық іс қозғалды. Күдікті уақытша ұстау изоляторына қамалды. Өзге де қатысы бар тұлғаларды анықтау бойынша тергеу әрекеттері жүргізіліп жатыр», – делінген әкімдік хабарламасында.
Полиция есірткі таратуға, оның ішінде есірткіні жасырын қойып кетуші болып жасауға қатысу көбіне жеңіл табыс ретінде ұсынылғанымен, соңы ауыр қылмыстық жауапкершілікке әкеледі.