02.12.2025, 10:47
Жаңалықтар
Қазақстанда бір ай ішінде 30-дан астам адам пара бергені үшін ұсталды
Қараша айындағы ҰҚК-нің сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл нәтижелері жарияланды
Фото: istockphoto.com
Ұлттық қауіпсіздік комитеті 2025 жылдың қарашасында сыбайлас жемқорлыққа қарсы бағытталған жұмыстар бойынша кезекті есепті ұсынды. Бір й ішінде түрлі құрамдар бойынша 100 құқық бұзушылық тіркелген, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.
Тіркелген құқық бұзушылықтар
Қылмыстық кодекс баптары бойынша анықталған фактілер:
- 189-бап – сенiп тапсырылған бөтен мүлiктi иемденiп алу немесе талан-таражға салу – 8 факт;
- 190-бап – алаяқтық – 15 факт;
- 194-бап – қорқытып алу – 1 факт;
- 195-бап – мүлiктiк залал келтiру – 1 факт;
- 206-бап – ақпаратты заңсыз жою немесе өзгерту – 1 факт;
- 249-бап – рейдерлiк – 2 факт;
- 361-бап – лауазымдық өкілетті теріс пайдалану – 11 факт;
- 362-бап – өкілеттіктерді асыра пайдалану – 4 факт;
- 364-бап – кәсіпкерлікке заңсыз қатысу – 1 факт;
- 366-бап – пара алу – 17 факт;
- 367-бап – пара беру – 33 факт;
- 368-бап – парақорлыққа делдал болу – 2 факт;
- 369-бап – қызметтік жалғандық жасау – 1 факт;
- 371-бап – салғырттық – 1 факт;
- 416-бап – дәлелдемелерді бұрмалау – 1 факт;
- 425-бап – тізімдемеге алынған мүлікке қатысты заңсыз әрекеттер – 1 факт.
Сотқа жолданған қылмыстық істер
Ай ішінде 24 іс сотқа жіберілді, оның ішінде:
- Алаяқтық (190-бап) – 10 іс;
- Ақшаны жылыстату (218-бап) – 1 іс;
- Пара алу (366-бап) – 3 іс;
- Пара беру (367-бап) – 8 іс;
- Жалған құжат жасау және өткізу (385-бап) – 2 іс.
Мемлекетке келтірілген залалдың өтелуі
Аяқталған қылмыстық істер бойынша 409,6 млн теңге көлеміндегі залал өндіріліп, мемлекеттік бюджетке қайтарылды. ҰҚК сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін төмендету және құқық бұзушылықтарды анықтау бойынша жұмысын жалғастыратынын хабарлады.
Көп оқылған
02.06.2026, 12:56
Декретке 4,2 млн теңгемен шыққаны үшін 6 жылға сотталды: Ертаев әлеуметтік қорды алдағандар туралы айтты
02.06.2026, 15:03
«Бозымбаев пен Сұлтанғазиев кінәлі»: Тоқаев Алматы облысында 919 рет жарық өшкенін айтып, шенеунік пен әкімді масқаралады
02.06.2026, 16:09
Таразда әпкесі мен жездесі 20 мың долларын алып, үйден қуып шыққан әйел оларды сотқа беріп, жеңіп шықты