$ 513.45  596.99  6.59
ҚАЗ
×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.

Қазақстан Дүниежүзілік банктің статистикалық тиімділік көрсеткіштері рейтингінде 44-орынға ие болды

Алдыңғы жылмен салыстырғанда көрсеткіш бірден 21 позицияға жоғарылаған

Қазақстан Дүниежүзілік банктің статистикалық тиімділік көрсеткіштері рейтингінде 44-орынға ие болды
Фото: istockphoto.com

Қазақстан Дүниежүзілік банктің статистикалық тиімділік көрсеткіштері рейтингінде 21 позицияға көтерілді, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.

Қазақстан Дүниежүзілік банктің статистикалық тиімділік көрсеткіштері рейтингінде 217 елдің ішінде 44-орынға ие болды. Алдыңғы жылмен салыстырғанда (2023 жылы – 65-орын) көрсеткіш бірден 21 позицияға жоғарылаған.

Дүниежүзілік банк жыл сайын ресми түрде танылған халықаралық дереккөздер негізінде қалыптастырылатын статистикалық тиімділік көрсеткіштері (Statistical Performance Indicators – SPI) рейтингін жариялайды. Бұл рейтингте әлемдік даму туралы өзекті әрі нақты мәліметтер қамтылады, соның ішінде ұлттық, өңірлік және жаһандық бағалаулар бар.

Статистикалық тиімділік көрсеткіштері елдің ұлттық статистикалық жүйесінің деректерді пайдалану, көрсетілетін қызметтер, статистикалық өнімдер, дереккөздер және деректер инфрақұрылымы сияқты критерилер бойынша мүмкіндіктерін сипаттайды. Көрсеткіштер 0-ден 100-ге дейінгі шкала бойынша бағаланады, мұндағы 100 – ең жоғары деңгей.

Соңғы деректерге сәйкес, Қазақстанның ұлттық статистикалық жүйесі 100 мүмкін балдан 84,9 балл жинады. Жалпы көрсеткіштің өсуіне келесі құрамдас бөліктердің жақсаруы әсер еткен: «Деректерді пайдалану» – +10, «Дереккөздер» – +10,2, «Деректер инфрақұрылымы» – +10 және «Деректерді ұсыну қызметтері» – +1,1 балл.

SPI-2024 рейтингі бойынша алғашқы үштікке Норвегия, Швеция және Канада кіреді.

Серіктес жаңалықтары