Оған қатысты сот үкімі жарияланды
Ақтөбеде кафелердің бірінде ер адам дәретханада тұрған бойжеткенге шабуыл жасап, зорламақ болған, деп хабарлайды Azattyq Rýhy агенттігі «Диапазон» басылымына сілтеме жасап.
Ер адам кабинадағы құлыпты бұзып, қыздың мойнына пышақ қойып зорламақ болған. Зардап шеккен әйел айғайлап, көмек сұраған. Оның дауысынан басқалары көмекке жеткен. Олар араласып, ер адамды сол жерде ұстаған.
Сотта анықталғандай, ер адам шабуыл жасау алдында бос кабиналарды тексерген. Ол зорлық жасауға әрекеттенгені үшін кінәсін толық мойындады.
Сот оны алты жылға бас бостандығынан айырды.